26 наурыз, онлайн «Халық Газеті» — Қытай Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы, Мемлекет төрағасы және Орталық Әскери комитет төрағасы Си Цзиньпин төрт жыл бұрын Фуцзянь өлкесінің орталығы Фучжоуға сапары кезінде «Фучжоу – сәттілік қаласы. Бұл келсеңіз кеткіңіз келмейтін жер» деп айтқан еді. Төраға 1990 жылдан 1996 жыл аралығында Фучжоу қалалық ҚКП комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған болатын.